Ақтаудағы көше шамдары күн қуатымен жұмыс істейтін болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының әкімдігі, «Source Energy» ЖШС және ҚХР «Huaming Guangdong smartled co LTD» компаниясы арасында өзара ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Ақтаудағы көше шамдары күн қуатымен жұмыс істейтін болады

Әріптестік аясында Қытай компаниясы Ақтау қаласының көшелеріндегі жарық желілерін күн сәулелері арқылы жұмыс жасайтын жарықтандырудың жаңа үлгісіне ауыстырады. «Астана-ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дайындық аясында Ақтау қаласындағы көше жарықтары жасыл экономика негізінде жұмыс жасайтын жарықтандыру үлгісіне өтеді. Бұл Қытай компаниясының ұзақмерзімді инвестициялық жобасы. Жоба Маңғыстау облысының барлық аумағын қамтуды жоспарлап отыр», - деп атап өтті Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов. Жобаны іске асырудың жоспарын жасақтау үшін үшжақты жұмыс тобы құрылады. Энергияны үнемдейтін құрылғыны орнату, оны іске қосу, реттеу жұмыстарының барлығы мемлекеттік-жеке-меншік әріптестік аясында ұйымдастырылады. «Жоба Ақтау қаласынан басталатын болады. Мұнда бүгінде натрилі жарық қолданылады. Оның барлығы заманауи жарықдиодты шамдарға ауыстырылады. Жаңа құрылғының орнатылуымен қала энергия көзін 70%-ға дейін үнемдей алады. Осы арқылы инвестор өз қаражатын қайтарады», - деп хабарлады «Source Energy» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы Оралбек Ботбай. Содан кейін өзара ынтымақтастық туралы дәл осындай меморандум Ақтау қаласының әкімдігі, «Source Energy» ЖШС және ҚХР «Huaming Guangdong smartled co LTD» компаниясы арасында жасалды.

261

Авторға сұрақ қою:


Сайттың жоғары бөлігіне оралу