Кәсіпкер әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларының балаларына білім грантын тағайындады

Кәсіпкер әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларының балаларына білім грантын тағайындады

 

 

 

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруды ұсынды. Сондай-ақ, Елбасы өз мақаласында: «Екінші, басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек. Бұл - қалыпты және шынайы патриоттық сезім, ол әркімде болуы мүмкін. Оған тыйым салмай, керісінше, ынталандыру керек» деп айта кетті. Осыған орай, филантроп Оралбек Ботбай 50 жылдық мерейтойына орай, «50 жылдыққа 50 игі іс» акциясын бастап, 2017 жылы елімізде өтетін ЭКСПО 2017 көрмесіне қолдау көрсету мақсатында, мектепте үздік оқыған Бәйдібек ауданының 30 оқушысына өз қаржысынан тегін билет таратып отыр. Шалғайдан келетін оқушылардың жол-шығыны мен жатын орнын кәсіпкер өз мойнына алып, Халықаралық көрме жұмысына үлес қоспақ. Ол одан бөлек, жеке қаражатына еліміздің ЖОО-да гуманитарлық және техникалық салада үздік көрсеткіштерге қол жеткізген студенттерге шәкіртақы тағайындады. 2016-2017 оқу жылдарында қоғамдық және академиялық ортада үздік нәтиже көрсеткен бакалавриаттың 10 студентіне жаңа оқу жылынан бастап, 6 ай бойына қаржылай көмек көрсетіледі. Мұндай шәкіртақылар жыл сайын тұрақты түрде ұйымдастырылады. Толық ақпаратты www.oralbek.kz сайтынан білуге болады. Сондай-ақ, «Тұран» колледжінің әлеуметттік жағдайы төмен 5 талапкеріне жаңа оқу жылынан бастап, толық оқу грантын бермек.

Сондай-ақ, Елбасы өз мақаласында: «Екінші, басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек. Бұл - қалыпты және шынайы патриоттық сезім, ол әркімде болуы мүмкін. Оған тыйым салмай, керісінше, ынталандыру керек» деп айта кетті. Осыған орай, филантроп Оралбек Ботбай 50 жылдық мерейтойына орай, «50 жылдыққа 50 игі іс» акциясын бастап, 2017 жылы елімізде өтетін ЭКСПО 2017 көрмесіне қолдау көрсету мақсатында, мектепте үздік оқыған Бәйдібек ауданының 30 оқушысына өз қаржысынан тегін билет таратып отыр. Шалғайдан келетін оқушылардың жол-шығыны мен жатын орнын кәсіпкер өз мойнына алып, Халықаралық көрме жұмысына үлес қоспақ. Ол одан бөлек, жеке қаражатына еліміздің ЖОО-да гуманитарлық және техникалық салада үздік көрсеткіштерге қол жеткізген студенттерге шәкіртақы тағайындады. 2016-2017 оқу жылдарында қоғамдық және академиялық ортада үздік нәтиже көрсеткен бакалавриаттың 10 студентіне жаңа оқу жылынан бастап, 6 ай бойына қаржылай көмек көрсетіледі. Мұндай шәкіртақылар жыл сайын тұрақты түрде ұйымдастырылады. Толық ақпаратты www.oralbek.kz сайтынан білуге болады. Сондай-ақ, «Тұран» колледжінің әлеуметттік жағдайы төмен 5 талапкеріне жаңа оқу жылынан бастап, толық оқу грантын бермек.

 

 

 

 

 

 

92

Авторға сұрақ қою:


Сайттың жоғары бөлігіне оралу