Ақтаудағы көше шамдары күн қуатымен жұмыс істейтін болады

Өткен дүйсенбіде Маңғыстау облысы мен Ақтау қаласының әкімдігі, «Source Energy» ЖШС және «Huaming Guandong smatled co LTD» компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумға отырды. Ақтаудағы көше шамдары күн қуатымен жұмыс істейтін болады

Өткен дүйсенбіде Маңғыстау облысы мен Ақтау қаласының әкімдігі, «Source Energy» ЖШС және «Huaming Guandong smatled co LTD» компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумға отырды. Аталған құжатқа Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, Ақтау қаласының әкімі Серікбай Трұмов, «Source Energy» ЖШС құрылтайшысы Оралбек Ботбай және «Huaming Guandong smatled co LTD» өкілі Дын мэй Хуан қол қойды.

– Құрметті әріптестер! Бүгін облысымыздың дамуына тағы бір қадам жасап отырмыз. «ЭКСПО – 2017» көрмесі қарсаңындағы ынтамақтастық, серіктестік туралы келісіміміз көшелердегі жарық желілерінің күн сәулесінен қуат алуына мүмкіндік береді. Бұл салада тәжірибесі мол компания өз қаржысы есебінен инвестиция салуды жоспарлап отыр. Қытайлық кәсіпорын біздің барлық шарттарымызды орындауға келісіп отыр. Жоба Ақтау қаласында жемісті жүзеге асса, осы жобаны облыстың барлық өңірінде жалғастыратын боламыз, – деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов. 

«Source Energy» ЖШС құрылтайшысы Оралбек Ботбайдың айтуынша, облыс орталығындағы натрилік шамдар энергетикалық тиімділігі жоғары жарық диодты шамдарға ауыстырылады. Жарық алудың жаңа әдісіне көшу қуатын көзін 70 пайызға үнемдеуге мүмкіндік береді. Жиын соңында «Huaming Guandong smatled co LTD» өкілі Дын мэй Хуан 30 жылға жуық тәжірибесі бар компания артылған сенімнің үдесінен шығатынын жеткізді.

286

Авторға сұрақ қою:


Сайттың жоғары бөлігіне оралу