БЕЛГІЛІ КӘСІПКЕРДІҢ БІЛІКТІ ІСТЕРІ

Елбасы Н.Назарбаевтың жуырда жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Туған жер» мақаласын қолға алуды ұсынған еді. БЕЛГІЛІ КӘСІПКЕРДІҢ БІЛІКТІ ІСТЕРІ

Осыған орай аталған мақала аясында Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы Қошқар ата ауылының тумасы, белгілі кәсіпкер Оралбек Ботбай өз ауылына жол салуды бастап, игілікті істі қолға алды. Екі мыңға жуық түтіні бар қошқараталықтар үшін аталған жолдың қажеттігі анық еді. Ауылдан алты шақырым қашықтықтағы Борлысай жайлауымен екі араны жалғайтын жолға тасжол төселіп, тамыз айына дейін тұрғындарға тапсыру жоспарлануда. Қазіргі уақыттың өзінде төрт жүз тоннаға жуық тас төселіп, жолдың жалпы құрылысы еңсеріліп отыр. Оралбек Қожамжарұлы өз сөзінде ауыл тұрғындарына тарту еткелі отырған тасжол еліміздегі ішкі туризмді дамытуға аз да болса сеп болса деген ниетін жасырмады.

Биылғы жылы елу жасқа толған кәсіпкер «50 жасқа 50 игі іс» деген қайырымдылық акциясын бастағанын және аталған жоба аясында халықаралық EXPO көрмесіне Борлысай ауылдық округіне қарайтын Қошқар ата, Кеңсай, Ақтас ауылының 30 оқушысын тамыз айында Астанаға апаруды өз мойнына алып отыр екен. Болашақта туған өлкемді көркейтсем деген кәсіпкер өз ауылынан көл құрылысын бастап, таулы өлкеде туризм мен балық шаруашылығын да дамытуды жоспарлап отырғанын айтып қалды. Сондай-ақ қыркүйек айына дейін «Жасыл экономика» бағдарламасы бойынша ол Қошқар ата ауылына күннен қуат алатын 470 көше шамдарын орнатпақ. Ондағы мақсаты – осы уақытқа дейін жұмсалған қаражаттың 70 пайызын үнемдеп, мемлекеттік бағдарламалардың аясында және облыс басшылығының қолдауымен шетелдерден инвестиция тартып, «жасыл экономика» бойынша да жұмыстарды жалғастырмақ.

Қазақта «жол соққан, халықтың алғысын арқалап, жұмаққа барады» деген нақыл сөз бар. Есті сөзді есінде ұстап, ел игілігі үшін тынбай жұмыс істеп жүрген О.Ботбайдың кәсібі алға бассын деген ауыл халқының тілегіне іштей қосылған біз, «Еліміздің ертеңі көркейе берсін!», – деп қалаға қайттық.

47

Авторға сұрақ қою:


Сайттың жоғары бөлігіне оралу