Кәсіпкер әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларының балаларына білім грантын тағайындады

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруды ұсынды. Кәсіпкер әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларының балаларына білім грантын тағайындады

Сондай-ақ, Елбасы өз мақаласында: «Екінші, басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек. Бұл – қалыпты және шынайы патриоттық сезім, ол әркімде болуы мүмкін. Оған тыйым салмай, керісінше, ынталандыру керек» деп айта кетті. 

“Еліміздегі орта және шағын кәсіптің өкілі ретінде 50 жасқа толған туған күнімнің қарсаңында жоғары оқу орындарында білім алып жатқан 10 студентке 1 жылдық шәкіртақы және Астанадағы «Тұран» колледжінің 5 талапкеріне жаңа оқу жылынан бастап, толық грант тағайындаймын деп шештім. Жеке қаражатымнан қарастырылып отырған бұл көмектер аз да болса саз ретінде техникалық-гуманитарлық бағытта білім алып жатқан студенттердің ынтасын арттырып, олардың құлшынысын туғызады деген ойдамын. Сондай-ақ, Мен еліміздегі бизнес өкілдерін өз мерейтойлары аясында осындай шараларды жасауға шақырамын. Себебі – білім саласы еліміздің ертеңіне құйылған инвестиция. Осы арқылы біз Елбасымыз мақсат еткен 30 елдің қатарына кіруге алғашқы қадамдарды жасаймыз. Елордамыз Астанада биыл өткелі отырған ЭКСПО 2017 Халықаралық көрмесіне қолдау таныту мақсатында 10 Астаналық, 10 өзім туып өскен Бәйдібектік оқушыларға тегін билетті сыйға тартуды шештім. Бүгін журналистерді шақырып, жұрт назары мен еліміздің бизнес өкілдеріне осындай ойларымды жеткізгім келді. Еліміздің ертеңі үшін әрбіріміз аз да болса өз үлесімізді қоссақ, Тәуелсіз Қазақстанның Мәңгілік Елге айналарына сенімім мол!” – дейді Оралбек Ботбай

43

Авторға сұрақ қою:


Сайттың жоғары бөлігіне оралу