Оңтүстікқазақстандық кәсіпкер 40 оқушыны EXPO көрмесіне тегін әкеледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі кәсіпкер, филантроп, «Құрмет» орденінің иегері Оралбек Ботпай елордалық 10 оқушы мен өзі туып-өскен Бәйдібек ауданының 30 оқушысын EXPO-2017 көрмесіне тегін әкеледі.

Оңтүстікқазақстандық кәсіпкер 40 оқушыны EXPO көрмесіне тегін әкеледі

Бұл туралы бүгін Қазмедиа орталығында О.Ботбайдың өзі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Биыл ел тарихы үшін аса маңызды жыл болды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын жариялап, экономиканың әлемдік өсімінің ортадан жоғары қарқынын қамту керек деді. Бұл мақсатқа қол жеткізуде кәсіпкерлердің қосар үлесі зор. Мемлекет басшысы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында да, кешегі Ассамблея сессиясында да кәсіпкерлерді туған жерге қарайласуға шақырды», - деді кәсіпкер. Айта кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек. Бұл - қалыпты және шынайы патриоттық сезім, ол әркімде болуы мүмкін. Оған тыйым салмай, керісінше, ынталандыру керек», деп жазған еді. Осыған орай,Оралбек Ботбай Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесі мен Елбасы мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру ұсынысына қолдау көрсету мақсатында өзі туып-өскен Бәйдібек ауданының 30 озат оқушысына және Астанада оқитын 10 оқушыға ЭКСПО-2017 көрмесіне билет сыйлайтынын мәлімдеді. Олардың жол шығыны мен жатын орнына да қаражат бөлу қарастырылған. Сонымен қатар, О.Ботбай Қазақстан ЖОО-ларында оқитын студенттерді де назардан тыс қалдырмады. «Еліміздегі орта және шағын кәсіп өкілі ретінде әрі  50 жасқа толуыма орай, еліміздің жоғары оқу орындарында білім алып жатқан 10 студентке 1 жылдық шәкіртақы беріп, Астанадағы «Тұран» колледжінің 5 талапкеріне толық грант тағайындауды ұйғардым»,- деді О.Ботбай.

281

Авторға сұрақ қою:


Сайттың жоғары бөлігіне оралу