Оразкүл Асанғазы – 65 жаста!

Биыл қазақтың өр мінезді қызы, мемлекет және қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықызы 65 жасқа толады. Саналы ғұмырын ана тілінің мәртебесін көтеруге арнаған жанның мерейтойына орай Бәйдібек ауданында кездесу кеші ұйымдастырылды. Оразкүл Асанғазы – 65 жаста!

Мерейтой иесіне ауданның «Құрметті азаматы» атағы беріліп, сый-құрмет көрсетілді 

Оразкүл Асанғазықызы тек түстік үшін ғана емес, күллі қазақ үшін қымбатты. Қоғам үшін қадірлі. Өйткені, ол көтерген әрбір мәселенің астарында ұлттың ұлылығын танытатын тағылым жатыр. Ал, Бәйдібек ауданы үшін қайраткер есімі тіптен ерекше... Себебі, ауданның алғашқы құрылу жылдарында  Оразкүл Асанғазықызының еңбегі ерен, үлесі сүбелі. 

Оралбек Ботбай – Бәйдібек ауданының азаматы 

Апамыздың қазақ ретінде қазақ еліне қосқан үлесі көп. Осы ауданда білім саласын басқарды. Егемендік алған жылдарда осы ауданды басқарды.... 

Кездесуде Оразкүл Асанғазының ел үшін еткен еңбегі екшелді. Өткен күннен естеліктер айтылды. Ақын, жазушылардың қоғам қайраткерінің құрметіне жазған шығармалары орындалды. 

Оразкүл Асанғазы – Мемлекет және қоғам қайраткері 

Олардың барлығын көргенде осыдан 30 жыл бұрынғы Оразкүлмен бірге жүргендей жасардым. Жұрттың жақсы пікірлерінен қуат алдым. Рухтандым. Әсіресе, мен туралы жазған ақындар өлеңін мектеп оқушылары оқығанда ерекше әсер алдым. 

Осылайша Астанада бастау алған той туған өлкеде жалғасты. Желісін кейін де үзбек емес.

106

Авторға сұрақ қою:


Сайттың жоғары бөлігіне оралу