Сыныптас еске түскенде... (естелік-эссе)

Адам жасы келіп, өткенді еске алған сайын, арамыздан ерте кетсе де, адамдық қасиетімен ерекше есте қалған замандастарын жиі еске алады екен. Сыныптас еске түскенде... (естелік-эссе)

 

Былтыр 50 жасқа толдым. Биыл 51-ден асып, 60-қа адымдап барамын. 1974 жылы қазіргі Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Қошқар Ата ауылындағы мектептің табалдырығын бірге аттаған сыныптас-досым Кендебай Мелдебековтің орны ерекше еді. Мектеп қабырғасында көптен ерекшеленіп, қатардан озбаса да, өзінің адамды тартып тұратын адамшылығы мол жігіт еді.

Бір сыныпты 74 бала бітіріппіз. Ойлаймын да қазір бір ауылда бір сыныпты осынша түлек бітіре ме екен? Әй, қайдам...? Мысалы, біздің ауылда 200 отбасы, 180 «Батыр ана» болды. Ойлай беріңіз. Алды 24 баланы дүниеге әкелген ананы 2004 жылы «Ақжүніс» хабарына шығаруға мұрындық болдық. Әр отбасыда ең кемі 10 бала болатын. Мектеп бітіргенше бір-біріміздің киімімізді киіп өстік, соның арқасында бауырмалдық қасиеттен жұрдай болған жоқпыз.

1984 жылы мектеп бітіріп, бәріміз жан-жаққа тарап кеттік. 2 сыныптасым Ауғанда ажал құшты. Сұм соғыс кімді аяған?! Сонда, жоғарыда айтқан Кендебай досым да көп балалы отбасында дүниеге келіп, өзі де отбасын құрағаннан кейн 7 ұл-қызды өмірге әкеліп, соларды өсіріп-өндірем деп жүргенде бақилық болды. Әскерден келгенінде: «Мен осы Қошқар Атада қалайын. Сендерді келген кезде күтіп алып, шығарып салып тұратын сыныптастарың болайын» - деген әңгімесі бар еді, әлі есімде.  2014 жылғы 30 жылдыққа 67 сыныптас жиналыппыз. Құрманәлі Бастаров досымыз да арамыздан ерте кетіпті. Бала күннен бірге өскен қайран достар! Имандарың саламат болсын!

Жақында сынаптастардың қолдауымен Құран бағыштап досымның әруағы разы, топырағы торқалы болсын деп моласының басына көк тас қойғыздым, шарбақпен қоршаттым. Білген дұға-тілегімізді бағыштап отырамыз, әрине. Қолымыздан басқа не келеді? Тек осындай оңаша қалған сәттерді қайран достарды еске алып, қолға қалам алып, сағынышты басамыз...

 

Оралбек БОТБАЙ,

Астана,

2018 жыл, 10 шілде

 

 

 

 

 

 

 

 

109

Авторға сұрақ қою:


Сайттың жоғары бөлігіне оралу