Жастарды қолдау - жарқын жолды таңдау

VFL.RU - ваш фотохостинг" alt="Жастарды қолдау - жарқын жолды таңдау" title="Жастарды қолдау - жарқын жолды таңдау" class="article_img"/>

Отандық филантроп және профессор Оралбек Ботбай Мәскеуде білім алып жатқан студенттерге шәкіртақы тағайындады. Бұл туралы «Жас тұлпар» бірлестігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Ресми деректерге сәйкес, бүгінде Қазақстанда жастардың саны шамамен 4 млн адамды құрайды, олардың ішінде 2,3 млн – қалада, 1,7 млн – ауылды жерлерде тұрады. Жастардың қоғамның энергияға толы бөлігі екенін және экономика болашағына салынған инвестиция екенін ескерсек, бүгінде әлемдік қауымдастықта жастар саясатын дамытуға, соның ішінде жастарға берілетін білім гранттары мен шәкірақыларды арттыру өзекті болып қалуда. Осы бастамаларға сәйкес 1964 жылы Мәскеуде негізі қаланған «Жас тұлпар» қазақ жастар бірлестігі арнайы байқау ұйымдастырған болатын. Байқаудың басты шарты – студенттің үлгерімі және мотивациялық эссе. Байқауға барлығы жиырма үміткер қатысты. Жобаның басты мақсаты дарынды жастардың басын қосып, олардың арман-мақсаттарына жол ашу дейді ұйымдастырушылар. Биылғы байқаудың ерекшелігі – Ресейдегі қандастарымыздың қатысуы. Сөйтіп, қазылар алқасының ұзақ кеңесуінен кейін екі күнге созылған байқаудың қорытындысы бойынша он бір студент шәкіртақы иегері атанды. Олар: Шайкенова Малика, Қажкенова Наргиз, Нұгұманова Ұлжан, Қылышбекова Гүлдана, Ысқақов Алмас, Мұкаров Азат, Наурызбаев Нұрсұлтан, Сақтағанов Нұрзада, Асанжанова Аиша, Оразғали Тоғжан, Қиясова Айнұр. – Бұл байқаудан алған әсерім ерекше. Қарсыластарым да осал болмады. Әр бір қатысушы білімді. Байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылған және өте әділ өтті деп ойлаймын. Жастар жылы Қазақстан жастарына үлкен, әрі тарихи мүмкіндік беріп отыр. Біріншіден, жастардың рухани баюына баса назар аудару қажет. Екіншіден, білім мәселесін ескеру керек. Жастар арасындағы құқықтық мәдениетті, қоғамдық тәртіпті күшейтіп, құқық бұзушылық пен сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушіліктің қалыптастыру шараларына басымдық берген жөн. Осының нәтижесінде мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі артады, – дейді жеңімпаз Малика Шайкенова. – Биылғы жыл – жастар жылы. Осы орайда ел ағасы болып жастарға қамқорлық танытуды парыз санаймын. Екі ұлым да Мәскеуде білім алған, сондықтан мұнда білім алып жатқан жастарымыздың жағдайы маған белгілі. Күні кеше елімізде үлкен өзгерістер орын алды. Елу жылда ел жаңа демекші мемлекетіміздегі өзгерістер елдің дамуына негіз болады деген үміттемін. Біз өзіміздің тарапымыздан азамат ретінде оған атсалысуымыз керек. Жастарды еңбекке шақырамын. Еңбек барлығын жеңеді!, – дейді Оралбек Қожамжарұлы.

 

 

 

297

Авторға сұрақ қою:


Сайттың жоғары бөлігіне оралу